ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Подкастта отырып алып шағымдана бермей, рингке шық – Әлімханұлы Ширазға жауап берді

Бүгін, 11:36

Әлімханұлы қарсыласының пікіріне Instagram парақшасында жауап қайтарды

Подкастта отырып алып шағымдана бермей, рингке шық – Әлімханұлы Ширазға жауап берді
әлеуметтік желі

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хамза Шираздың мәлімдемесіне жауап берді. Ол британдық боксшыны сөз таластырмай, мәселені рингте шешуге шақырды.

Бұған дейін WBO Әлімханұлын Шираздың чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер ретінде бекіткен. Алайда британдық бұл шешімді қатаң сынға алып, Жәнібектің допингке қатысты ісін алға тартқан еді.

Әлімханұлы қарсыласының пікіріне Instagram парақшасында жауап қайтарды.

«Неге ол жай ғана: “Жекпе-жекке шығайық!” деп айтпайды? Түсінбейтінім – осы. Бұл – спорт! Егер өзіңді чемпионмын деп санасаң, оны дәлелде. Мықтылармен жұдырықтасып, шын мәнінде кім екеніңді көрсет. Подкастта отырып алып шағымдана бермей, рингке шық та, жұдырықтас!» – деп жазды Әлімханұлы.

Айта кетейік, Хамза Шираз қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын өзінің міндетті қарсыласы ретінде тағайындау туралы шешімге наразылық білдірді. Британдық боксшының сөзінше, Әлімханұлының допингке қатысты жағдайынан кейін WBO-ның мұндай шешім қабылдауы оған түсініксіз.

Ал WBO өткен аптада тараптарға жекпе-жек бойынша келіссөз бастауды міндеттеді. Бұл екі боксшының жолы алғаш рет түйісіп отырған жоқ. Бұған дейін Шираз орта салмақта өнер көрсеткен кезде де олардың кездесуі талқыланған, алайда британдық екінші орта салмаққа ауысқаннан кейін жекпе-жек өтпей қалған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам