ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Мейірім Нұрсұлтанов 19 нокауты бар Рамоспен шешуші жекпе-жекке шығады

25.08.2026, 17:08

Боксшы айқасқа төрт айдан бері АҚШ-та дайындалып жатыр

Мейірім Нұрсұлтанов 19 нокауты бар Рамоспен шешуші жекпе-жекке шығады
коллаж: 1bol.kz

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) Хесус Рамосқа (24-1, 19 КО) қарсы алдағы жекпе-жегіне дайындық барысы туралы айтты.

Қос боксшы 19 қыркүйекте АҚШ-тың Сан-Диего қаласында шаршы алаңға шығады. Бұл кездесу Нұрсұлтанов үшін WBC желісі бойынша әлем чемпионы атағына жақындай түсуге мүмкіндік беретін маңызды жекпе-жек болмақ.

Қазақстандық боксшының айтуынша, ол осы айқасқа төрт айдан бері АҚШ-та дайындалып жатыр.

«Төрт айдан бері АҚШ-та 19 қыркүйекте өтетін жекпе-жекке дайындалып жатырмыз. Бәрі жақсы», – деді Нұрсұлтанов «СПОРТ МИНИСТРІ» YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Бастапқыда кездесу 15 тамызға жоспарланған. Алайда кейін жекпе-жек бір айға шегеріліп, 19 қыркүйекке ауыстырылды.

Нұрсұлтанов қарсыласының қалай таңдалғанына да тоқталды. Оның сөзінше, Хесус Рамоспен кездесу боксшының немесе оның командасының таңдауы емес. WBC қазақстандықты дәл осы қарсыласқа қарсы үміткерлер жекпе-жегіне шығуға міндеттеген.

«Бірден Рамосты берді. WBC мені Рамосқа қарсы үміткерлер жекпе-жегіне шығуға міндеттеді», – деді ол.

Рамос кәсіпқой бокста 25 жекпе-жек өткізіп, 24 рет жеңіске жеткен. Оның 19 жеңісі нокаутпен аяқталған. Ал Нұрсұлтанов кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрген жоқ: қазақстандық 20 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, 11 қарсыласын мерзімінен бұрын тоқтатқан.

Осылайша, Сан-Диегодағы жекпе-жек Нұрсұлтановтың мансабындағы маңызды сындардың біріне айналмақ. Жеңіс қазақстандық боксшыны WBC чемпиондық белбеуіне таласуға бір қадам жақындатады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам