ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы дебютінде IBF Asia белбеуін жеңіп алды

Бүгін, 00:14

Ол қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді

Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы дебютінде IBF Asia белбеуін жеңіп алды
Видеодан кадр

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастап, бірден IBF Asia чемпионы атанды. Жекпе-жек Астанада өткен IBA Nomad лигасы ұйымдастырған International Boxing Day турнирінің басты оқиғасы болды.

Тәшкенбайдың қарсыласы кәсіпқой рингте жеті жеңісі мен бір жеңілісі бар филиппиндік Нил Хакамос болды. Боксшылар бірінші аса жеңіл салмақтағы бос тұрған IBF Asia чемпиондық белбеуін сарапқа салды.

Он раундқа есептелген кездесу толық дистанцияға созылды. Қазақстандық боксшы жекпе-жек барысында қарсыласын екі рет — бесінші және сегізінші раундтарда нокдаунға түсірді.

Айқас қорытындысында үш төреші де жеңісті Санжар Тәшкенбайға берді. Осылайша қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде-ақ чемпиондық белбеуге ие болды.

Тәшкенбай кәсіпқой боксқа ауысқанға дейін әуесқойлар арасында ірі жетістіктерге жеткен. Ол 2023 жылы IBA әлем чемпионатында топ жарса, 2025 жылы World Boxing аясындағы әлем біріншілігінде де алтын медаль жеңіп алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам