Мейірім Нұрсұлтанов пен Хесус Рамос жекпе-жек алдында көз арбасты

Қос боксшы 19 қыркүйекте Pechanga Arena спорт кешенінде кездеседі

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов пен америкалық Хесус Рамос кіші алдағы жекпе-жек алдында көз арбасу рәсімін өткізді.

Қос боксшы 19 қыркүйекте АҚШ-тың Сан-Диего қаласындағы Pechanga Arena спорт кешенінде кездеседі. Орта салмақта өтетін жекпе-жекте WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

Нұрсұлтанов кәсіпқой рингте 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол 11 қарсыласын мерзімінен бұрын тоқтатқан. Қазақстандық боксшы соңғы рет 2023 жылғы қарашада жұдырықтасып, чилилік Хулио Аламосты жеңген еді.

Уақытша чемпион Хесус Рамостың еншісінде 24 жеңіс пен бір жеңіліс бар. Америкалық боксшы 19 кездесуін нокаутпен аяқтаған.

Нұрсұлтанов пен Рамос арасындағы айқас бокс кешінің басты жекпе-жектерінің бірі болады. Ал кештің негізгі кездесуінде Айзек Крус пен Нестор Браво бірінші жартылай орта салмақтағы WBC уақытша чемпиондық атағын сарапқа салады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам