Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Италиядағы турнирде қазақтың қос боксшысы бір-біріне қарсы шығады

07.03.2024, 09:54

Сәкен Бибосынов пен Азат Махметов өзара мықтыны анықтайды

Италиядағы турнирде қазақтың қос боксшысы бір-біріне қарсы шығады
коллаж: 1bol.kz

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирде қазақтың қос боксшысы өзара мықтыны анықтайтын. 

Атап айтқанда, 51 келіде 10 наурыз күні Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов пен Бахрейн намысын қорғап жүрген қазақ боксшысы Азат Махметов сынға түседі.

Бұрын Қазақстан құрамасының мүшесі болған Азат Махметов екі рет ел чемпионатында жеңімпаз атанған. Кей жылдары «Астана арландары» сапында өнер көрсетті.

Алайда, Азат Махметов Бахрейн құрамасына барғалы халықаралық сында әзірге жоғары жетістікке қол жеткізген жоқ. 

Бұған дейін әуесқой бокста халықаралық жарыстарда Қанат Ислам (Қытай) мен Бақыт Сәрсекбаев, Нұрбек Оралбай мен Тоқтарбек Таңатқан (Қытай), Айбек Оралбай мен Мадияр Саидрахимов (Өзбекстан) қарсылас ретінде шаршы алаңға шыққан еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам