Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесіне таласады

Назым Қызайбай Жайна Шекербекованы жеңіп, финалға шықты

ҰОК
ҰОК

Бокстан Қазақстан чемпионатында әйелдер арасындағы 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық жекпе-жек өтті. Алматы қаласының атынан сынға түскен Назым Қызайбай Шымкент өкілі Жайна Шекербековамен қолғап түйістірді.

Үш раундқа созылған кездесуде Қызайбай төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол финалға жолдама алды. Ал Жайна Шекербекова ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Шекербекова бұған дейін әлем чемпионаттарында күміс және қола медаль жеңіп алып, Азия чемпионы атағын екі мәрте иеленген.

Ал Азияның және әлемнің үш дүркін чемпионы Назым Қызайбай 2026 жылдың қыркүйек-қазан айларында Жапонияда өткен Азия ойындарында өнер көрсетті. Алайда ол жарыстың алғашқы жекпе-жегінде, 1/8 финалда қарсыласына есе жіберді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам