Бейбарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Төрешілердің бесеуі де жеңісті қазақ боксшысына берді

ҚБФ
ҚБФ

Қазақстандық боксшы Бейбарыс Әшірбай Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында кемінде қола медаль иеленетін болды.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз ширек финалда Бангладеш өкілі Нойон Трипура Джанимен кездесті. Төрешілердің бесеуі де жеңісті қазақ боксшысына берді.

Осылайша, қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті. Ал Бангладеш спортшысы жарыс жолын аяқтады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам