«Мотиватор» Бекембетов пен Мұхит Амантаев реванш өткізеді

Екі спортшы 12 желтоқсанда Алматыдағы Almaty Arena кешенінде жеңіл салмақта күш сынасады

instagram.com/nomadfighting
instagram.com/nomadfighting

Қазақстандық файтерлер Ануарбек Бекембетов пен Мұхит Амантаевтың екінші жекпе-жегі ресми түрде жарияланды. Реванш кездесуін Nomad Fighting промоутерлік компаниясы ұйымдастырады.

Екі спортшы 12 желтоқсанда Алматыдағы Almaty Arena кешенінде жеңіл салмақта күш сынасады. Жекпе-жек үш раундқа жоспарланған.

Бекембетов пен Амантаев бұған дейін биыл шілде айында Алматыда өткен IBA Nomad 15 турнирінде кездескен. Сол жолы Ануарбек Бекембетов қарсыласын үшінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Енді Мұхит Амантаев алғашқы кездесудегі жеңілісінің есесін қайтаруға тырысады. Ал «Мотиватор» лақап атымен танымал Бекембетов алғашқы жеңісінің кездейсоқ болмағанын дәлелдеуді көздейді.

Айта кетейік, Ануарбек Бекембетовтің кәсіпқой ММА-дағы рекорды – 1 жеңіс, 4 жеңіліс. Мұхит Амантаевтың көрсеткіші – 1 жеңіс, 2 жеңіліс.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам