Еске салайық, былтыр наурыз айында Руслан Абдуллаев кәсіпқой боксқа ауысып, мансабын АҚШ-та жалғастыратынын айтқан еді
Өзбекстандық кәсіпқой боксшы, этникадлық қазақ Руслан Абдуллаев (6-0, 4 КО) АҚШ-қа жорығын сәтті өткізіп жатыр. Кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін ол мекскалық Хуан Меса Ангулоға (9-4, 6 КО) қарсы өткізіп, нокаутпен жеңіске жетті.
Бірінші жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған еді. Алайда, Руслан оны алтыншы раундта аяқтады. Мексикалық боксшы қарсыласының сериялық соққыларына шыдап бергенімен, бауырдан тиген ауыр соққыдан соң орнынан тұра алмады.
Осылайша 24 жастағы Абдуллаев өзінің WBA Continental Americas Gold белбеуін қорғады.
Еске салайық, былтыр наурыз айында Руслан Абдуллаев кәсіпқой боксқа ауысып, мансабын АҚШ-та жалғастыратынын айтқан еді. Содан бер алты жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жетті – төртеуін нокаутпен.
Әуесқой бокста қандасымыз Әлем және Азия чемпионы атанған.