Еркебұлан Нұрбатыров алғаш рет жеңіліс тапты
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Нұрбатыров Шымкентте өткен Alash Pride FC 136 × Mangu 6 турнирінде өзбекстандық Достон Шариповке есе жіберді.
Жекпе-жек үшінші раундта нокаутпен аяқталды. Осылайша, Шарипов кәсіпқой мансабындағы үшінші жеңісіне қол жеткізсе, Нұрбатыров алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты.
Бұл кездесуден кейін өзбекстандық файтердің рекорды 3-1-ге, ал қазақстандық спортшының көрсеткіші 1-1-ге өзгерді.
Айта кетейік, жекпе-жек Шымкенттегі Manezh Arena аренасында Қазақстан мен Өзбекстан командалары арасындағы командалық қарсыласу аясында өтті.