«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Ауыр салмақта өнер көрсететін боксшы кездесуде түскен суреттерін жариялады
Өзбекстандық боксшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов Панамада өткен World Boxing халықаралық федерациясының конгресіне қатысып, ұйым президенті Геннадий Головкинмен кездесті.
Ауыр салмақта өнер көрсететін боксшы кездесуде түсірілген суреттерді Instagram парақшасында жариялады. Іс-шара аясында Жалолов пен Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті әңгімелесіп, бірге суретке түскен.
Айта кетейік, Панама қаласында өткен конгрестің басты оқиғаларының бірі ұйымның вице-президентін сайлау болды. Бұл қызметке Өзбекстан бокс федерациясының бас хатшысы Миршохид Тиллабоев тағайындалды.
Ал осы лауазымға үміткер болған Қазақстан өкілі Рауан Игенев World Boxing ұйымының спорт және жарыстар жөніндегі комитетін басқарды.