Тайсон Фьюридің Джошуамен жекпе-жегіне қатысты күтпеген мәселе туындады

Telegram WhatsApp

Дәрігерлер Тайсон Фьюридің психикалық денсаулығын тексереді

Getty Images
Getty Images

Британдық бокс бақылау кеңесі (BBBofC) Тайсон Фьюридің психикалық денсаулығына қатысты медициналық деректерді тексеріп жатыр. Ұйым боксшының Энтони Джошуаға қарсы жекпе-жекке қатысуына рұқсат беру мәселесін алдағы күндері шешпек.

BBC Sport басылымының хабарлауынша, BBBofC бас хатшысы Роберт Смит 26 қарашада бұл жағдайға қатысты пікір білдірген. Оның айтуынша, медициналық тексеріс нәтижесінде қандай да бір қауіп анықталса, танымалдылығына қарамастан ешбір боксшының рингке шығуына рұқсат берілмейді.

«Дәрігерлер оның жағдайын тексеріп жатыр. Егер мамандар жекпе-жекке шығуға дайын деп тапса, ол шаршы алаңға шығады»

деді Смит. Сонымен қатар ол тексеріс нәтижесі оң болады деп сенетінін жеткізді

Бұл мәселе Фьюридің Netflix деректі фильмінде психикалық денсаулығына қатысты ашық мәлімдеме жасағаннан кейін туындады. Боксшы 2015 жылы Владимир Кличкомен жекпе-жектен кейін ауыр психологиялық дағдарысты бастан өткергенін, өзіне және отбасына қауіп төндіретін дауыстар естігенін айтқан.

Алайда фильмдегі диагнозға қатысты мәліметтерде қайшылық бар. Фьюридің жұбайы Пэрис бастапқыда күйеуінің шизофренияның жеңіл түріне шалдыққанын айтқанымен, кейін бұл диагноздың ресми түрде расталмағанын нақтылаған.

BBBofC ережелеріне сәйкес, шизофрения алғашқы лицензияны беруге кедергі келтіруі мүмкін медициналық жағдайлардың қатарына жатады. Ал лицензиясы бар боксшыларға қатысты шешімді ұйым өз құзыреті шегінде қабылдай алады.

Айта кетейік, Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуа арасындағы жекпе-жек 11 желтоқсанда Кардифф қаласындағы «Принсипалити» стадионында өтуі тиіс. Кездесу жеңімпазы WBA тұжырымы бойынша «супер» чемпиондық атаққа таласады. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 12 желтоқсанда таңғы сағат 06:00-де басталады.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 47 803 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 20 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 28 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 136 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 240 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 121 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 111 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 584 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 370 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 542 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 586 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 297
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›