«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Екі спортшы биыл шілде айында Алматыда өткен IBA Nomad 15 турнирінде кездескен
Қазақстандық боксшы Мұхит Амантаев Әнуарбек Бекембетовпен өтетін қарымта жекпе-жекке қатыса алмайтынын мәлімдеді. Спортшының айтуынша, жаттығу кезінде жарақат алып қалған.
«Мұны көріп отырған шығарсыздар, артық түсіндірудің де қажеті жоқ деп ойлаймын. Өкінішке қарай, 12 желтоқсанда Алматыда өтетін жекпе-жекке қатыса алмаймын. Жаттығу кезінде жарақат алып қалдым. Спортта мұндай жағдайлар болып тұрады»
Осылайша, Әнуарбек Бекембетов пен Мұхит Амантаевтың екінші жекпе-жегі өтпейтін болды. Реванш кездесуін Nomad Fighting промоутерлік компаниясы ұйымдастыруы тиіс еді.
Еске салайық, екі спортшы биыл шілде айында Алматыда өткен IBA Nomad 15 турнирінде кездескен. Сол жолы Әнуарбек Бекембетов қарсыласын үшінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
«Мотиватор» лақап атымен танымал Бекембетовтің кәсіпқой ММА-дағы рекорды – бір жеңіс, төрт жеңіліс. Ал Мұхит Амантаевтың еншісінде бір жеңіс пен екі жеңіліс бар.