Қазақстандық боксшы бірден WBC чемпиондық белбеуіне таласады

Telegram WhatsApp

Жартылай орта салмақтағы WBC Asian Silver чемпиондық белбеуі сарапқа салынады

instagram.com/fairsquare.boxing.promotions
instagram.com/fairsquare.boxing.promotions

Кәсіпқой бокста өнер көрсететін қазақстандық Теміржан Баймолда (10-1, 6 КО) 3 желтоқсанда Бангкокта (Таиланд) шаршы алаңға шығып, жартылай орта салмақтағы WBC Asian Silver чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.

Отандасымыздың қарсыласы — жергілікті боксшы Сакда Лангкабам (13-9, 8 КО). Жекпе-жекті Fair Square Boxing Promotions промоутерлік компаниясы мен WBC Asia ұйымы ресми түрде жариялады.

«Джентльмен» лақап атымен танымал Баймолда үшін бұл бір жылдан астам үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. 2025 жылдың қыркүйегінде Уфада өткен кездесуде ол ресейлік Данис Габдрафиковтен (6-0, 2 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп, кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған еді. Енді қазақстандық боксшы бірден титулдық айқасқа оралып отыр.

Ал оның қарсыласы бабында. Лангкабам 25 қазанда Бангкокта отандасы Варитпон Срихабандитті (1-6, 1 КО) мерзімінен бұрын жеңген. Таиландтық спортшы кәсіпқой рингте 22 жекпе-жек өткізсе, Баймолданың еншісінде 11 айқас бар (нокаут саны бойынша көрсеткіш теңдес — 8-ге қарсы 6).

Айта кетейік, Бангкок шаршы алаңы Теміржанға жат емес — бұған дейін ол Таиланд астанасында жергілікті боксшы Афиф Арронгты төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын.

Пікірлер

Жүктелуде…

Материалда:

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 36 251 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 59 407 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 24 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 420 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 330 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 535 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 583 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 291 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 174 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 301 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 840 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 505
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
12
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Бетис
12
6
Арсенал
11
7
Манчестер Сити
10
8
Боруссия (Дортмунд)
10
9
Астон Вилла
9
10
Ливерпуль
9
11
Брюгге
9
12
Спортинг (Лиссабон)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›