Реал камбэк жасай ма? Жаңа шығарылым! #Fonteam

Айбек Оралбай Париж олимпиадасына жолдама алды

11.03.2024, 17:56

Бүгін тағы алты боксшымыз бағын сынайды

Айбек Оралбай Париж олимпиадасына жолдама алды
Қазақстан бокс федерациясы

Италияда өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасының қоржынына Париж олимпиадасының алғашқы жолдамасы түсті.

92 келі салмақ дәрежесінде АҚШ боксшысы Джамар Таллимен жұдырықтасқан Айбек Оралбай үш раундта да басымдықты бермей, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша бүгінде Қазақстан боксшыларының еншісінде Париж Олимпиадасының үш лицензиясы бар. Әйелдер арасында 57 келіде Карина Ибрагимова және ерлер арасында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен Айбек Оралбай Парижде Қазақстан намысын қорғайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам