Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

«Токиодағы қателікті Парижде түзеймін»: Сәкен Бибосынов алдағы жоспарымен бөлісті

13.03.2024, 15:49

Ол Италиядағы соңғы жекпе-жегіне қатысты да ойын айтты

«Токиодағы қателікті Парижде түзеймін»: Сәкен Бибосынов алдағы жоспарымен бөлісті
Қазақстан футбол федерациясы

Сәкен Бибосынов Италиядағы лицензиялық турнирдегі аяқ алысына қатысты пікір білдірді.

Әлем чемпионы Бибосынов өз мансабындағы екінші Олимпиадасында сынға түскелі отыр. Бұған дейін ол Токиодағы жазғы ойындарда қола медальға қол жеткізгені белгілі.

«Менің ең басты мақсатым – ел намысын абыроймен қорғап, лицензияға қол жеткізу болатын. Мақсатыма жеткеніме қуаныштымын. Бұл – ұзын жолдың басы ғана. Алда бізді ең үлкен жауапкершілік, ең маңызды міндеттер күтіп тұр. Париж олимпиадасында Токиодағы қателіктерді жөндеуге тырысамын. Енді жаттығуды үдете түсеміз», - деді боксшысы Olympic.kz-ге берген сұхбатында.

Ол аталған турнирге тыңғылықты дайындалғанын атап, бір сәт те босаңсымағанын атады.

«Лицензиялық турнирге келер болсақ, барлық қарсыласыма қарқынды дайындалдым. Лицензия алатыныма сенімді болдым. Жекпе-жектердің ішінде ең соңғы, шешуші кездесу сәл қиындау соқты. Десе де, жолдамаға қол жеткізсем деген ойым орындалды», - деді Бибосынов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам