Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Сағындық Тоғамбай Баку турнирінде Ресей боксшысын жеңіп, финалына шықты

26.03.2024, 21:14

Финалда ол Әзірбайжан атынан шығатын кубалық боксшымен жұдырықтасады

Сағындық Тоғамбай Баку турнирінде Ресей боксшысын жеңіп, финалына шықты
Қазақстан бокс федерациясы

Бакуде өтіп жатқан "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирде қазақ боксшылары арасында 92 келіде сынға түскен Сағындық Тоғамбай  алғашқы болып финалға шықты.

Отандасымыз жартылай финалда Ресей өкілі Рамазан Ханалиевпен кездесіп,  барлық раундта да басымдық танытты. Тіпті, үшінші раундта қарсыласының “ұсынысымен” төбелеске де бара алды.

Нәтижесінде ресейлік боксшы әбден шаршап, аяғына әрең басып рингтен түсті. Бұл ретте төрешілер жеңісті бірауыздан Сағындық Тоғамбайға берді.

Енді ол финалда әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегері  Альфонсо Лорен Домингеспен жұдырықтасады. Айта кететін жайт, куба боксшысы бүгінде Әзірбайжан азаматтығын алып, сол елдің атынан сынға түсуде.

Бұған дейін жартылай финалда 86 келіде өнер көрсеткен Бекзат Таңатар жергілікті боксшы Мурат Аллахвердыевпен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңілген болатын.

Сондай-ақ, Қамшыбек Қоңқабаев пен Серік Теміржанов та қарсыластарына жол беріп, жүлдеден тыс қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам