Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Бакуде қазақ боксшысы өзбек қарсыласынан техникалық нокаутпен жеңіліп қалды

27.03.2024, 01:29

Рефери үшінші раундта жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды

Бакуде қазақ боксшысы өзбек қарсыласынан техникалық нокаутпен жеңіліп қалды
Қазақстан бокс федерациясы

Бакуде өтіп жатқан бокстан «Ұлы Жібек жолы» турнирінде қазақ боксшысы Бақтияр Смағұлов (67 кг) өзбекстандық қарсыласынан жеңіліп, жарысты жүлдесіз аяқтады.

Ширек финалда өзбек боксшысы Шавкатжон Болтаевпен кездескен жерлесіміз жекпе-жекті жақсы бастаған. Алайда, екінші раундта ауыр соққы алып, төреші нокдаун есептеді. Үшінші раундта да өзбек боксшысы рингтегі басымдықты өз қолына алып, Бақтярға ауыр соққыларын дарыта білді. Осындай соққыдан кейін рефери екінші нокдаун ашып, артынша кездесуді уаытынан бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша, Бакуге Қазақстаннан барған боксшылардың бесеуі жеңіліп, жүлдесіз қалды. Олардың қатарында әлем чемпионатының жүлдегерлері Серік Теміржанов пен Қамшыбек Қоңқабаев бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам