Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Ұйқымнан оятып, Нұр Отанның футболкасын киігізді»: Бақтияр Артаев партия қатарына қалай өткенін айтты

29.03.2024, 12:53

Олимпиададан келгеннен кейін ол жарты жыл үгіт-насихатпен айналысқанын жасырмады

Бокстан Афины Олимпиадасының чемпионы және Вэл Баркер кубогінің иегері Бақтияр Артаев «Нұр Отан» партиясын қалай насихаттағаны туралы айтып берді. «Бірінші бол» YouTube-каналына сұхбат берген даңқты спортшы партия қатарына «ұйықтап жатқанда» кіріп кеткенін өзі де түсінбей қалған.

«Әбден шаршап елге келдік. Ұшақта ұйықтап қалғам. «Тұр-тұр» деп оятты, көзімді ашсам ұшақта менен басқа ешкім жоқ, бәрін түсіріп жіберіпті. Мені жалғыз өзімді әдейі алып қалған ғой. Бір қарасам үстімдегі футболканы шешіп, басқасын кигізіп жатыр. Қарасам алдында «Нұр Отан» деген жазуы бар. Сомен алты ай бойы «Нұр Отанды» агтиация жасап жүріппіз», - деп естелігімен бөлісті Олимпиада чемпионы.

Еске салайық, 2004 жылғы Афины Олимпиадасында Қазақстан спортшылары небәрі бір алтын медаль жеңіп алды, ол – Бақтияр Артаевқа тиесілі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам