Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Лицензиялық турнирдің спаррингінде жұдырықтасатын боксшылардың жұптары анықталды

07.04.2024, 23:09

«Алыптар айқасы» Астанада 8-10 сәуір аралығында өтеді

Лицензиялық турнирдің спаррингінде жұдырықтасатын боксшылардың жұптары анықталды
Қазақстан бокс федерациясы

Ертең Астанада басталатын спаррингтік турнирдің жеребе тарту рәсімі өтті. Тайланда өтетін лицензиялық турнирге Қазақстан сапынан кімдердің баратыны осы жекпе-жектерден соң белгілі болады.

Olympic.kz-тің жазуынша, ерлер арасында бір ғана салмақ дәрежесінде бес боксшы сынға түседі. 63,5 келіде Ертуған Зейнуллинов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Дулат Бекбауов, Серік Теміржанов және Жандос Қыдырәлиев шаршы алаңға шығып, өзара мықтыны анықтайды.

63,5 келі:

  • Дулат Бекбауов - Серік Теміржанов
  • Ертуған Зейнуллинов - Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
  • Жандос Қыдырәлиев жарысты екінші айналымнан бастайды.

Айта кетелік, Бекбауов 67 келіде, Теміржанов 57 келіде әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Қыздар арасындағы жеребе нәтижесі:

50 келі:

  • Алуа Балқыбекова - Назым Қызайбай

54 келі:

  • Балауса Мұздыман -Жайна Шекербекова
  • Элина Базарова - Ұлжан Сәрсенбек
  • Дина Жоламан - Сымбат Әлиасқар
  • Сания Сұлтанқызы - Анель Сақыш

66 келі:

  • Дариға Шәкімова - Наталья Богданова
  • Милана Сафронова - Богданова/Шәкімова жұбының жеңімпазы
  • Лаура Есенкелді - Жасмин Қизатова

75 келі:

  • Жібек Жарасқызы - Гүлсая Ержан
  • Валентина Хальзова - Ержан/Жарасқызы жұбының жеңімпазы

Салмақ дәрежелері бойынша үздік шыққан боксшылар 23 мамыр мен 5 маусым аралығында Бангкокте өтетін лицензиялық турнирде сынға түседі. Аталған турнир Париж Олимпиадасына бокстан соңғы жолдамаларды үлестіреді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам