Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Мырзағали Айтжанов спаррингтік турнирдің әділ өткенін мәлімдеді

11.04.2024, 14:02

Мұхамедсабыр Базарбайұлы лицензиялық турнирге барады

Мырзағали Айтжанов спаррингтік турнирдің әділ өткенін мәлімдеді
olympic.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері елордада өткен спаррингтік турнирді қорытындылады. Аталған сында 63,5 келіде олимпиадалық лицензия турниріне қатысатын боксшыларды өзара жекпе-жек арқылы іріктелген болатын.

Бас бапкер осы орайда үміткерлер арасындағы сын ойдағыдай өтіп, шын мықтысы жеңгенін атады.

«Жарыс өте әділ өтті. Кімнің қалай жұдырықтасқанын жанкүйерлер теледидар арқылы көрді. Басшылар арнайы келіп тамашалады. Халықтың да көзі жетті деп ойлаймын. Бес боксшы да жақсы дайындықпен келген. Себебі, Олимпиадаға баруды бәрі армандайды. Әрбір жекпе-жек өте тартысты өтті. Бесеуі де аянып қалған жоқ, бар күшін салды», - деді М.Айтжанов Olympic.kz-ке берген сұхбатында.

Ол наурыз айында Италияда өткен лицензиялық турнирге қатысып, Париж Олимпиадасының жолдамасына иелене алмаған Мұхамедсабыр Базарбайұлының қайта баратынына қатысты пікір білдірді. 

«Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Италиядағы турнирде жолдамасыз қалды. Осы жолы өз мықтылығын ел ішінде тағы дәлелдеп отыр. Алдағы уақытта кем-кетікпен жұмыс істейміз. Басты мақсат - Олимпиадаға лицензия алу. Ал ұлттық құраманың жоспары ауқымды. Куба және Өзбекстанмен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Мамыр айында Elorda Cup турнирі өтеді. Сол бәсекеде боксшылардың аяқ алысын бағамдаймыз», - деді Айтжанов.

Кеше Астанада аяқталған спаррингтік сында 63,5 келі салмақ бойынша Мұхаммедсабыр Базарбайұлы үздік шықты. Ол финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовты ұтқан болатын. Сондай-ақ, бұл салмақта әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері Серік Теміржанов та сынға түскен еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам