Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Хасанбой Дусматов Умар Кремлев бәске тіккен су жаңа Mercedes-Benz автокөлігін жеңе алмады

15.04.2024, 12:53

Ресейлік олигарх бұған дейін Баходир Жалоловқа BMW X5 автокөлігін сыйға тартқан

Хасанбой Дусматов Умар Кремлев бәске тіккен су жаңа Mercedes-Benz автокөлігін жеңе алмады
Bugun Sport

Ташкентте өткен IBA Champions Night бокс кешінде Өзбекстанның даңқты боксшысы Хасанбой Дусматов испан қарсыласын нокаутпен жеңе алмады. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін болып, төрешілер шешімен жеңіс Дусматовқа берілді.

Айта кетерлік жайт, жекпе-жек алдында IBA президенті Умар Кремлев бесінші раундқа дейін нокаутпен жеңген боксшыға Mercedes-Benz G-класс автокөлігін сыйға тартатынын мәлімдеген еді. Алайда, қос боксшы да бұл талапты орындай алған жоқ.

Есте болса, Кремлев өзбектің аса ауыр салмақта өнер көрсететін боксшысы Баходир Жалолов үйленген кезде оған су жаңа BMW X5 автокөлігін сыйға тартқан болатын.

Ал, Хасанбой болса енді Парижде өтетін Олимпиада ойындарына дайындалатын болады. Ол 51 келіде өз елінің намысын қорғамақ.

Айта кетерлік жайт, Ташкентте өткен IBA Champions Night бокс кешінде Баходир Жалолов та жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда, жекпе-жекке екі күн қалғанда ол денсаулығының сыр бергенін айтып, бокстан бас тартты. Оның орнына рингке шыққан Жахонгир Закиров хорват боксшысы Смаки Агронды қиындықсыз жеңді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам