Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Азия чемпионатында қазақстандық жасөспірім қыздар 3 алтынға ие болды

02.11.2023, 16:58

Жалпыкомандалық есепте олар үшінші орынға тұрақтады

Азия чемпионатында қазақстандық жасөспірім қыздар 3 алтынға ие болды
Фото ашық дереккөзден

Бокстан Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатыда жасөспірім қыздар санатында ұлттық құрама спортшылары 3 алтын медаль иеленді. Бірнеше күннен бері жалғасып жатқан құрлық бәсекесінде қазақстандық жеті боксшы финалға шыққан болатын.

Ал чемпиондық кездесуде шаршы алаңға шыққан отандасымыздың 4-і күміс медальды місе тұтты. Сонымен қатар, тағы төрт боксшы қола медальға қол жеткізді.

  •  54 келі. Аяжан Сыдық (алтын)
  •  60 келі. Толғанай Қасымхан (алтын)
  •  63 келі. Алина Кудайгенова (алтын)
  •  46 келі. Айым Танкибаева (күміс)
  •  48 келі. Сила Биболсынқызы (күміс)
  •  70 келі. Ақбота Есімбекова (күміс)
  •  75 келі. Аружан Зейноллаева (күміс)
  •  52 келі. Айша Сариева (қола) 
  •  66 келі. Айсұлу Мұхит (қола) 
  •  80 келі. Құралай Егінбайқызы (қола) 
  •  +80 келі. Панар Сейтқанқызы (қола)

Жарыс қорытындысы бойынша Үндістан боксшылары 5 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен көш бастады. Ал екінші орынға 4 алтын, 5 күміс, 3 қола жүлде еншілеген Өзбекстан құрамасы жайғасты. Ал үшінші орынға біздің ұлттық құрама боксшылары ие болды.

Бұл сында Қырғызстан – 3, Вьетнам – 3, Тәжікстан – 2, Жапония, Тайланд, Моңғолия боксшылары 1 қола жүлдеге иелік етті.

Елімідің жасөспірім қыздары Азия чемпионатында 2019 жылы – 3, 2021 жылы – 4, ал өткен жылы 2 алтын медальға қол жеткізген.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам