Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Махмұд Сабырханның інісі Азия чемпионы атанды

04.11.2023, 08:46

Бұл атақты ол осымен үшінші рет иеленіп отыр

Махмұд Сабырханның інісі Азия чемпионы атанды
Фото ашық дереккөзден

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханның інісі Төрехан Сабырхан Астанада жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

63,5 келіде сынға түскен жас спортшы финалда үндістандық Сингх Яшвардханды 5:0 есебімен ұтты. Спортшы жастар құрамасы қатарында ұлттық құрама қоржынына екінші алтынды салып отыр. 

Оған дейін 60 келіде шаршы алаңға шыққан Бақтияр Анарбаев өзбек Саят Ілиясовты 5:0 есебін жеңді. Сонымен бірге, 71 келіде Ислам Советов те жастар арасында Азия чемпионы атанды. Ал 48 келіде Бексұлтан Боранбек жапон атлеті Сейя Накаямадан айласын асыра алмай, күміс жүлдені місе тұтты.

Төрехан Сабырхан өткен жылы 57 келіде жастар арасында Азия чемпионы атанған болатын. Ал 2021 жылы жасөспірімдер арасында 52 келі салмақта сары құрлықтың алтын медальін иеленген.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам