Жарыстан түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге жұмсалады
27 сәуірде Алматыда кәсіпқой бокстан «IBA-ның Чемпиондар түні» кеші өтеді. Оған Қазақстанның және әлемнің үздік боксшылары қатысады.
Әу баста басты жекпе-жекте еліміздің даңқты боксшысы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, өзбекстандық Саиджамид Джафаров кездеседі деп күтілген.
Алайда, қазақ боксшысы жарақатына байланысты қатыса алмайтынын айтты. Сонымен қатар, бокс кешінің басталуына санаулы күндер қалғанда тағы бірнеше өзгерістер болды.
Сонымен, «Чемпиондар» түнінде толық тізім өзгерді. Енді Елеусіновтің орнына бірінші орта салмақта IBA Asian титулына тағы бір қазақ боксшысы Талғат Шәйкен таласады. Одан өзге жұптар мынандай:
Ұйымдастырушылар 27 сәуірде өтетін турнирдің билеттерін сатудан түскен қаражатты Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде аударатынын хабарлады.
Бұған дейін осындай бокс кеші былтыр желтоқсан айында Астанада өткен.