Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовқа бұйырмаған қымбат көлік сатылатын болды (ВИДЕО)

05.05.2024, 00:03

Ол қазір Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр

Өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовқа бұйырмаған қымбат көлік сатылатын болды (ВИДЕО)
1bol.kz

Ташкентте IBA Champions Night бокс кешінде Өзбекстанның белгілі боксшысы Хасанбой Дусматов пен испан боксшысының арасындағы жекпе-жекте нокаутпен жеңген боксшыға берілуі тиіс Mercedes-Benz G-класс автокөлігі сатылымға шықты.

Сәуір айының басында Өзбекстан астанасында өткен бокс кешінде жеңіл салмақта 10 раундқа созылған сында төрешілер жеңісті Дусматовқа берген еді. Осылайша уәде етілген қымбат көлік өз иесін тапқан жоқ.

Жекпе-жек алдында IBA президенті Умар Кремлев бесінші раундқа дейін нокаутпен жеңген боксшыға Mercedes-Benz G-класс автокөлігін сыйға беретінін ресми мәлімдеген болатын. Көпшілік Хасанбойдың аталған автокөлікті мініп кететініне сенімді болған. Алайда, испан боксшысы «оңай шағылатын жаңғақ емес» екенін көрсетті.

Қазіргі уақытта боксшыларға берілуі тиіс болған көлік Tashkent Siti Mall сауда үйінінің ашық залында тұр. Енді ниет білдірген кез келген адам оны сатып ала алады.

Айта кететін жайт, Хасанбой Дусматов биыл Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысады. Ол 51 келіде өткен жылы Қытайда өткен Азия ойындарында жолдамаға ие болған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам