Маңғыстау облысында Қарақия ауданы әкімі Жансейіт Қайнарбаев пен самбо федерациясының бірінші вице-президенті Манарбек Бисекенов ұсталды деп хабарлады журналист Михаил Козачков.
Дереккөздің пікірінше, оларға алдын ала сөз байласып адам ұрлау бабымен айып тағылған.
«Жуырда Ақтау қаласында Қайнарбаев пен танысы кездесіп, оның соңы кикілжіңге ұласқан. Сол сәтте аудан әкімі танысын күштеп Lexus 600 автокөлігіне отырғызған, оған Бисекенов өз жігіттерімен көмектескен. Олар жәбірленушіні қала сыртына алып бара жатқанда ҰҚК қызметкерлері тоқтатып, Қайнарбаев пен Бисекеновті ұстады», - деп жазды Козачков қөзінің Telegram-каналында.
42 жастағы Жансейіт Қайнарбаев – Маңғыстау өңіріне танымал адам. Ол 2024-2026 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласының әкімі болса, 2026 жылдың қыркүйегінен бері Қарақия ауданына басшы болып тағайындалды.
46 жастағы Манарбек Бисекенов самбо федерациясын басқарумен қатар, өңірде бірнеше спорттық ұйымдарға жетекшілік етеді. Өзінің егде жасына қарамастан ол әліге дейін самбо турнирлеріне қатысып келеді.