Енді Бағдат болгариялық Абу Муслим Амаевпен күш сынасады
Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде грек-рим күресінен әлем чемпионатының 3-жарыс күні басталды.
Отандасымыз Бағдат Сабаз (-67 кг) іріктеуде Азия чемпионы, U23 әлем чемпионы Раззак Бишекеевті (Қырғызстан) жеңіп, 1/8 айналымға жолдама алды. Енді Бағдат болгариялық Абу Муслим Амаевпен күш сынасады.
Өкінішке қарай, іріктеуде Мейрамбек Айнағұлов (-63 кг) Украина өкілі Максим Люден жеңіліп қалды.
Ал аса ауыр салмақтағы Олжас Сырлыбай жұбаныш белдесуде қытайлық палуан Уинхао Джиангтан 2-0 есебімен жеңілді.