Головкин айтқан ақыл алтыннан қымбат – Асланбек Шымбергенов дайындығы туралы айтты

Telegram WhatsApp

Ол Олимпиадада қарсыластарынан екі бас жоғары өнер көрсетуге дайын

olympic.kz
olympic.kz

Бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Астанада «Елорда кубогы» алдында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарында тілшілердің сауалына жауап беріп, Париж олимпиадасына даярлығы жайлы айтты.

- Италиядағы лицензиялық турнир қалай өтті?

- Италиядағы олимпиадалық турнирге әлемнің кіл мықтылары жиналды, ол түсінікті де. Соған қарамастан Париж жолдамасына қол жеткіздік. Енді Олимпиадаға тыңғылықты дайындаламыз.

Сонымен қатар Асланбек өзінің Азиадада жапон қарсыласынан жеңілуінің себебін түсіндірді. 

Естеріңізде болса, капитан Азия ойындарының жартылай финалында Севон Окадзаваға есе жіберген еді. 

- Өзімізге де сабақ болды, басымызға тиді, енді содан сабақ алдық. Әр істің қайыры бар. Бұйырса, Олимпиада ойындарында кездесіп жатсақ, екі бас жоғары болуға дайынбыз. 

- Окадзава секілді жылдам боксшыларға қандай тактика құру керек?

- Жекпе-жекті қарадық, бапкерлермен ақылдасып, оның артық-кем тұстарын зерттейміз, арнайы жоспар құрамыз. Міндетті түрде тактика болады.

- Олимпиадаға даярлық қандай?

- Әр спортшының арманы – Олимпиада ойындарында жеңімпаз атану. Сол секілді менің де сондай мақсатым бар. Сәтін салса, бәрі жақсы болады деп үміттенеміз.

- ҰОК басшылығына Геннадий Головкин келді. Қолдау сезіле ме?

- Әрине, ол кісі өзі де боксшы. Ақыл-кеңесін, жүріп өткен жолындағы оқиғаларын айтып берді. Оның айтқан ақылы алтыннан қымбат.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 55 649 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 238 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 492 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 556 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 273 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 161 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 275 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 813 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 495 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 322 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 299 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 475