Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Хасанбой Дусматов беларусь боксшысымен жұдырықтасып жатқанда қолғабы ұшып кетті (ВИДЕО)

17.05.2024, 11:28

Соған қарамастан ол қарсыласын еш қиындықсыз жеңді

Хасанбой Дусматов беларусь боксшысымен жұдырықтасып жатқанда қолғабы ұшып кетті (ВИДЕО)
Фото ашық дереккөзден

Өзекстандық әйгілі боксшы, Олимпиада және әлем чемпионы Хасанбой Дусматов Ресейде өтіпи жатқан халықаралық турнирдің финалына шықты.

Айта кету керек, 51 келіде өнер көрсететін Дусматов бұл жарысқа 54 келіде қатысып жатыр. Соған қарамастан ол қарсыластарын еш қиындықсыз жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.

Жарыстың жартылай финалында өзбек боксшысы Беларусь елінен келген Денис Солоцкихпен кездескен. Жекпе-жек кезінде Хасанбойдың қолындағы былғары қолғабы ұшып кетті. Оны қайта киюге біршама уақыт жоғалтты. Кездесу нәтижесінде төрешілер жеңісті бір ауыздан Дусматовқа берді.

Айта кетейік, Өзбекстанның Олимпиадаға баратын құрамасы Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогіне» келуден бас тартты. Есесіне Тулкин Киличев шәкірттері Ресейде дайындығын шыңдап жатыр. Олар толық құрамда Париж Олимпиадасында өнер көрсетеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам