Оның өзі жуырда үлкен бокспен қош айтысуы мүмкін
Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсететін британдық Энтони Джошуа (28-3, 25 KO) қартайған боксшыларға арнап қарттар үйін ашуды жоспарлап отыр деп жазады BJ Penn.
Қазіргі таңда Джошуа «Рингсайд» қайырымдылық қорымен келіссөз жүргізіп жатыр. Боксшы өз жобасын осы ұйыммен бірге жүзеге асырмақ.
«Боксшылар қартайғанда күйзеліске көп ұшырайды, жиі ауырады. Сондықтан, біз оларға арнап қарттар үйін ашамыз деп шештік. Бұл жоба арқылы мен боксқа өз үлесімді қосамын деп ойлаймын, өйткені бокс мені осындай танымал етті», - деді Джошуа.
Джошуа қазір 34 жаста. Жуырда өзі де спорттағы мансабыг аяқтауы мүмкін. Ол әуесқой бокста Олимпиада чемпионы атанса, әуесқой бокста IBF, WBA, WBO және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болған.