Астанада бокстан Олимпиада жолдамалары сарапқа салынады

Жарыс қорытындысы бойынша боксшыларға 44 олимпиадалық жолдама табысталады

ҰОК
ҰОК

World Boxing халықаралық федерациясы 2027 жылы Астанада өтетін бокстан әлем чемпионатына қатысушыларды тіркеу науқанын бастады. Әлемдік дода 10–26 сәуір аралығында ұйымдастырылады.

Аталған чемпионат 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеудің алғашқы кезеңі саналады. Жарыс қорытындысы бойынша боксшыларға 44 олимпиадалық жолдама табысталады. Оның 22-сі ерлер арасында, тағы 22-сі әйелдер арасында сарапқа салынады.

World Boxing ұйымы әлем чемпионатын Қазақстан астанасында өткізу туралы шешімді 2024 жылдың желтоқсанында жариялаған еді. Ал биыл мамырда Халықаралық Олимпиада комитеті Астананың турнирді қабылдайтынын ресми түрде бекітіп, оған Олимпиада-2028 ойындарына алғашқы іріктеу жарысы мәртебесін берді.

Айта кетейік, бұл бәсеке бокс тарихында алғаш рет ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаттарын бір турнир аясында біріктіреді. Осылайша, Астана төрінде әлемнің үздік боксшылары чемпиондық атақпен қатар, Олимпиада ойындарының алғашқы жолдамалары үшін де бақ сынайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам