Оны аталған жекпе-жекке даңқты Геннадий Головкиннің өзі дайындап жатыр
Кәсіпқой бокстан алғашқы орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Садриддин Ахмедовтің ұзақ үзілістен кейін рингке оралатынын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Енді жекпе-жектің өтетін орны мен күні белгілі болды.
BoxRec.com сайтының жазуынша, Садриддиннің келесі жекпе-жегі АҚШ-тың Санта-Инес қаласында 31 тамызда өтеді. Әзірге қарсыласы белгісіз. Бокс кешін танымал промоутер Том Леффлер ұйымдастырады.
Айта кету керек, Садриддин Ахмедов бұған дейін АҚШ-та жекпе-жек өткізбеген. Ол негізінен Канадада өнер көрсетті. Ал, соңғы жекпе-жегі Алматыда 2022 жылдың желтоқсанында өткен болатын. Ол кезде қазақ боксшысы оңтүстікафрикалық Нкулулеко Мхлонгоны бірінші раундта нокаутпен жеңді.