Фатима Сұпығалиева Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Дзюдошы финалға шығу үшін словакиялық Вивьен Вадовицовамен кездеседі

ҰОК
ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды.

52 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз ширек финалда Коста-Рика өкілі Химена Моралес Гамбоамен белдесті. Фатима қарсыласын иппонмен мерзімінен бұрын жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Енді қазақстандық дзюдошы финалға шығу үшін словакиялық Вивьен Вадовицовамен кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам