Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Головкиннің «Қазақстан боксы IBA-дан кетуі керек» деген пікірі орыс мамандарына ұнамай қалды

09.07.2024, 00:57

IBA ұйымдастырған жарыстарға қатысқан боксшыларды ХОК 2028 жылдан бастап Олимпиадаға жібермейтінін мәлімдеген

Головкиннің «Қазақстан боксы IBA-дан кетуі керек» деген пікірі орыс мамандарына ұнамай қалды
Ұлттық Олимпиада комитеті

Ресей бокс федерациясы бапкерлер кеңесінің төрағасы Эдуард Кравцов қазақстандық даңқты боксшы Геннадий Головкинді қатаң сынады. Оған отандасымыздың IBA туралы айтқан пікірі ұнамай қалған көрінеді. 

«Матч ТВ» телеарнасына берген сұхбатында Кравцов Головкинді әбден тойынған деп айыптаған.

Есте болса, күні кеше Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, кәсіпқой бокстан бірнеше тұжырымда әлем чемпионы Геннадий Головкин «Қазақстан бокс федерациясы IBA ұйымынан шығуы керек» деген пікір айтқан болатын. Өйткені, ХОК (Халықаралық Олимпиада комитеті – авт.) IBA-ны жемқорлыққа белшеден батқан ұйым деп танып, Олимпиада ойындарынан аластатқан болатын. Сонымен қатар, IBA ұйымдастырған жарыстарға қатысқан боксшыларды 2028 жылдан бастап Олимпиадаға қатыстырмайтынын кесіп айтты.

Ал, Эдуард Кравцов болса Қазақстан боксы IBA-дан кетсе, қазақ боксшылары қолайсыздықтарға душар болатынын айтып отыр. 

«Менің ойымша, қазір Геннадийде бір мәселе бар. Мұндай жайтты көптеген ұлы боксшылар мансабын аяқтаған кезде бастан кешіреді. Ол үлкен қызмет алып, қазақстандықтардың сеніміне ие болды. Алайда, Головкин қазіргі шындықты және әуесқой бокста болып жатқан оқиғаларды мүлдем қабылдамайды, оған бейімделмеген. 

Геннадий – ұлы және әйгілі боксшы, сонымен қатар, қалталы боксшы екенін де түсінуіміз керек. Бұл жерде оның бай екеніне ерекше назар аударғанымыз жөн. Тоқ бала аш баламен ойнамайды дегенді естен шығармау керек. 

Қазақстандық боксшыларды World Boxing-ке тартудың болашағы бұлыңғыр, боксшылар ол жақта аш қалады. Бұл жердегі негізгі мәселе – Геннадий қазіргі жағдайға бейімделмеген және шындықты түсінбейді. Барлық боксшы Головкин сияқты — ұлы да, бай да болғысы келетінін түсіну керекпіз. Бірақ World Boxing оның біреуін де бермейді. Жарыс күнтізбесі де, тұрақты қаржыландыруы да жоқ. Бірақ саяси амбициясы бар. Дәлірек айтсақ, осы ұйымның еш тарихы, болашаққа апаратын жолы жоқ», - деді Кравцов.

Ресейлік бапкер Головкинді сынағанымен IBA-ға тағылған айыптарға жауап беруге құлық танытпаған. 

Айта кетейік, Эдуард Кравцов 2016 жылы Қазақстан боксшысы Василий Левитке қолдау білдіріп, ерекше ілтипат танытқан болатын. Ол Рио Олимпиадасында 91 келіде Қазақстан мен Ресей боксшылары арасындағы жекпе-жекте Левиттің жеңгенін мойындады. Алайда, төрешілер жеңісті Ресей боксшысына берген еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам