Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Шетелдік файтерлер Алматыдағы дәмханада төбелес шығарды

13.07.2024, 13:34

Ирандық файтер Hardcore MMA турнирінің алдында төбелес бастады.

Шетелдік файтерлер Алматыдағы дәмханада төбелес шығарды
Видеодан кадр

Ираннан келген аралас жекпе-жектің өкілі Мұхаммед Хейдари Алматы кафесінде Бразилиялық Диего Брандауға шабуыл жасады.

Ирандық спортшы Брандаоның үстел үстінде тұрған белбеуін алып кетпек болған. Кейін соңы төбелеске ұласады.

Бұл менің жеңіп алған белбеуім, олар оны менен біраз уақытқа тартып алып, берді. Бірақ бүгін мен өзіме тиесілі нәрсені алдым. Брандаоның жылағанын қараңыз. жылама. Ертең жекпе-жек кезінде мен оны қайтадан сенің қолыңнан аламын, одан да көп жылауға негіз болады», — деп жазды Хейбати әлеуметтік желіде.

Бразилиялық бұрынғы UFC өкілі де қарап қалмады. Ол күтпеген әрекеті үшін қарсыласын соққыға жығып, есесін жібермегінін айтты.

«Келесі жолы белбеуіме ұрлыққа түссең, соққының астында қаласың. Ұятқа қалатының да анық. Мен ұрсам бетіңнің сау-тамтығы қалмайды. Жеңілгеніңді мойындап, чемпионға құрмет көрсет, ақымақсың», - деді Брандао.

Айта кетейік, бразилиялық 13 шілдеде Алматыда өтіп жатқан Хардкор ММА турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Мұратбек Қасымбайға қарсы төбелеседі. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ирандық жекпе-жекке кедергі келтіру үшін Қазақстанға арнайы ұшып келген.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам