Өзбекстан боксшысы 5:0 есебімен келесі кезеңге өтті
Өзбекстандық боксшы, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев Париж олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.
Ол 63,5 келіге дейін салмақта бокстасып жатыр. Өз салмағында жүлдеден үміттілердің бірі. Бүгін 1/8 финалда мексикалық Мигел Анхел Мартинесті сенімді жеңді. Төрешілер 5:0 есебімен Русланның басым түскенін мойындады.
Бұл салмақта Қазақстан намысын Мұхамедсабыр Базарбайұлы қорғап жүр. Ол 1/8 финалдағы жекпе-жегін бүгін кешкі сессияда өткізеді.
Айта кетейік, Руслан Абдуллаев 2020 жылы Қазақстанға көшіп келмек болған. Алайда, бұл әрекеті жүзеге аспады. Ал, 2023 жылы ол бокстан әлем чемпионы атанды. 2022 жылы Азия чемпионы болған.