Ол – әлем және Азия чемпионы
Өзбекстандық боксшы, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Италиядағы халықаралық турнирдің ширек финалында ол венесуэлалық Хесус Ковадан басым түсті.
63,5 келіде өнер көрсететін Абдуллаев пен Кова арасындағы жекпе-жек расында да өте тартысты өтті. Үш раундтың нәтижесі бойынша төрешілер өзбекстандықтың қолын көтерді. Енді ол Париж олимпиадасында өз елінің намысын қорғайтын болады.
Айта кету керек, дул осы салмақта Қазақстан атынан Мұхамедсабыр Базарбайұлы жұдырықтасқан болатын. Алайда, ол 1\8 финалда жеңіліп, жолдамасыз қалды.
Руслан Абдуллаев 2020 жылы Қазақстанға көшіп келмек болған. Алайда, бұл әрекеті жүзеге аспады. Ал, 2023 жылы ол бокстан әлем чемпионы атанды. 2022 жылы Азия чемпионы болған.