Бірінші раундта Карини басынан екі ауыр соққы алды
Бокстан әйелдер арасындағы жекпе-жек дауға ұласты.
Олимпиада ойындарында боксшы қыздар арасындағы жекпе-жек көпшіліктің наразылығын туғызды. Италиялық боксшы қыз «ер адаммен» бокстасудан бас тартты. 66 келі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында италиялық Анджела Карини алжирлік Иман Хелифпен жұдырықтасып бастаған, дегенмен алғашқы минутта-ақ Карини көзіне жас алған күйі шаршы алаңнан түсіп кетті. Себебі оның қарсыласы осыдан біраз уақыт бұрын жынысын ауыстырған.
Былтыр Хелиф гендерлік тестілеуден өте алмай, әлем чемпионатына қатыса алмаған. Соған қарамастан Алжир өкіліне Париждегі Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат берілген.
Бірінші раундта Карини басынан екі ауыр соққы өткізіп алып, салдарынан шлеміндегі жібі үзіліп кетті. 46-секундта Анджела өз бұрышына барып, сонан соң жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Ал Хелиф жеңімпаз болып танылды.
Айта кетейік, биылғы Олимпиада ойындарына бокстан екі трансгендер қатысып жатыр. ХОК алжирлік боксшы Имана Хелиф пен тайваньдық Лин Юйтиннің қатысуын мақұлдады.
Екі спортшы да 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында бақ сынады, алайда 2023 жылы Нью-Делиде өткен әлем чемпионатында олар гендерлік сынақтан өте алмады.