Магнус Карлсен Асаубаевадан кейін Ресей шахматшысымен ойнаудан бас тартты

Магнус Карлсен тағы да турнирдегі екі партияға қатысудан бас тартты

Hu Zhixuan / XinHua / Global Look Press
Hu Zhixuan / XinHua / Global Look Press

Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot көрме турнирінде тағы да жекелеген партияларға қатысудан бас тартты.

17-орын үшін жұбаныш финалында ресейлік Владислав Артемьевке қарсы өткен алғашқы ойын күнінде бұрынғы әлем чемпионы блицтен төрт партия өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетті. Алайда одан кейін Карлсен ойын залынан кетіп, рапидтен жоспарланған екі партияға келмеді.

Нәтижесінде норвегиялық шахматшыға екі кездесу бойынша техникалық жеңіліс тіркелді. Осылайша, Артемьев ешқандай ойын өткізбей-ақ сегіз ұпай еншіледі. Кешкі «жылдам классика» форматындағы партия алдында ресейлік шахматшы 9:3 есебімен алға шықты.

Карлсен өз шешімін ұзаққа созылатын партия алдында күшін үнемдеумен түсіндірді.

Айта кетейік, бұған дейін норвегиялық гроссмейстер қазақстандық Бибісара Асаубаевамен кездесуде де «жылдам классика» форматындағы соңғы екі партияға қатарынан қатысудан бас тартқан еді. Ол кезде Карлсен матчтағы мерзімінен бұрын жеңісін қамтамасыз етіп, қалған кездесулерді өткізбей қоюды жөн көрген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам