Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Айбек Оралбай әзірбайжандық боксшыдан жеңілді

01.08.2024, 21:32

Ұлттық құрамада жарысты жалғастыратын үш-ақ боксшы қалды

Айбек Оралбай әзірбайжандық боксшыдан жеңілді
ҚБФ

Париж Олимпиадасында Қазақстан бокс құрамасының қатары тағы сиреді. Бұл жолы -92 келіде өнер көрсететін Айбек Оралбай Әзірбайжан боксшысы Альфонсо Домингестен жеңілді.

Бірінші раунд Айбектің басымдығымен өткен. Қазақ боксшысы сенімді қозғалып, қарсыласына ауыр соққыларын бірнеше рет тигізе алды. Нәтижесінде төрешілер раундта 4:1 есебін тіркеді.

Алайда, қалған екінші және үшінші раундта Әзірбайжанның кубалық боксшысы қашықтықта жақсы жұдырықтасып, Айбектің соққылары ауа қармап қалып жатты.

Осылайша төрешілер қорытынды нәтижеде 3:2 есебін тіркеп, жеңісті Домингеске берді.

Айта кету керек, қазақстандық команданың ширек финалдағы алғашқы жекпе-жегі болатын. Бұған дейін үш боксшымыз бірінші айналымда-ақ жеңіліп қалған. Енді Сәкен Бибосынов (51 кг), Мұхмедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг) және Нұрбек Оралбай (80 кг) Олимпиада жүлдесі үшін таласатын болады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам