Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Бокстан Өзбекстан чемпионатында этникалық 4 қазақ жүлдегер атанды

29.11.2023, 10:58

Қазақтар бір алтын, бір күміс, бір қола медальға ие болған

Бокстан Өзбекстан чемпионатында этникалық 4 қазақ жүлдегер атанды
stadion.uz

Бокстан Өзбекстан Республикасының чемпионатында жергілікті қазақ боксшылары да жүлдеге қол жеткізді. Оның ішінде биылғы әлем чемпионы Руслан Абдуллаев чемпион атанып отыр.

Кеше Ташкентте бокстан 2023 жылғы Өзбекстан біріншілігі өз мәресіне жетті. Бұл біріншілікте нокдаундар мен нокауттар көп болған.

63,5 келі салмақ дәрежесінде мамыр айында әлем чемпионы атанған Руслан Абдуллаев ел чемпионы болды. Қандасымызға алтын медальға қол жеткізу оңай болмағанын да айтуымыз керек. Себебі, ол чемпионат барысында екі рет нокдаунға түскен.

Абдуллаев 1/8-финалдық кездесуде Умар Тошмуродовпен шеберлік байқасты. Ол ә дегеннен шабуылға көшіп, бірінші раундта Русланды рингте бір аунатып тұрғызды. Алайда, қазақ боксшы есесін тез қайтарып, жеңіске жетті. Ал ширек финалда Музаффарбек Озодовтан басым түсті. Жартылай финалдағы Адхам Мухиддиновті екінші раундта нокдаунға жіберді. Алайда, қарсыласы Русланды үшінші раунда нокдаунға түсірді. Бірақ ол бұл кездесуде жеңіске жетіп, финалға шыққан. Финалда Мужибилло Турсуновты ұтып, екінші жыл қатарынан Өзбекстан чемпионы атанды.

Бұдан бөлек, 60 келіде Саят Ілиясов есімді қазақ боксшы қола жүлдегер атанды. 71 келіде Аман Қонысбеков те дәл осындай жүлдеге ие болды. Ол жартылай финалда Асадхужа Муйдинхужаевты құлатқанымен төрешілер оған жеңісті бермеді. 

Сондай-ақ, 92 келіде бақ сынаған Мадияр Саидрахимов финалға шығып, күміс жүлде иесі атанып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам