Жуырда ғана ол Давид Бенавидестен жеңіліп қалған еді
Кәсіпқой бокстан супер орта салмақта өнер көрсететін Деметриус Андраде (32-1, 19 KO) бұрынғы салмағына қайта оралуы мүмкін. Оның бапкерлерінің бірі Андре Розье BoxingScene.com тілшісіне берген сұхбатта осындай пікірін айтты.
Айта кетейік, өткен аптада Андраде Давид Бенавидеспен (28-0, 24 KO) кездесіп, алтынша раундта техникалық нокаутпен жеңілген болатын. Бапкердің айтуынша, бұл салмақ Деметриусқа бағынбаған. Сондықтан ол өзінің жұлдызы жаған орта салмаққа қайтуы тиіс.
«Мен Андраденің орта салмаққа қайтуын қалаймын. Егер Эрисланди Лара 40 жасында алғашқы орта дивизионнан салмағын көтеріп, әлем чемпионы атанса, Деметриус салмағын түсіріп, орта салмақта жүргеннің бәрін қиратады», - деді ол.
Қазіргі таңда орта салмақтағы төрт белбеудің екеуі Жәніек Әлімханұлында, Джермалл Чарло мен Карлос Адаместе бір-біреуден. Андре Розье өз шәкіртінің олардың бәрімен жекпе-жек ұйымдастыруға ниетті екенін де айтты. Бастысы, Деметриус оның ақылын тыңдап, салмағын төмендетсе болғаны.