“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Құрамадағы жігіттер төрешілерден ұтылды, бұл жағдай маған мотивация берді – Нұрбек Оралбай

02.08.2024, 21:52

Қазақстан құрамасында жеті боксшының бесеуі жеңілген

Құрамадағы жігіттер төрешілерден ұтылды, бұл жағдай маған мотивация берді – Нұрбек Оралбай
ҚБФ

Париж Олимпиадасының жартылай финалына шыққан Нұрбек Оралбай чемпион болу үшін барын салатынын айтты.

Еске салайық, Н.Оралбай Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты.

«Аллаға шүкір, жекпе-жек ойдағыдай өтті деп ойлаймын. Бапкерлерімнің тактикасын орындадым. Парижге алтын үшін келдік. Қазір сәл тынығып алып, бапкерлермен келесі қарсыластың жекпе-жектерін көреміз. Доминикан республикасының боксшысы Кристиан Пиналеспен бұрын кездеспегенмін», - деді Нұрбек Оралбай.

Ол осы ретте жартылай финалға жете алмай, жарысты аяқтаған құрамадағы жігіттерге қатысты да пікір білдірді.

«Жігіттер қарсыластарынан ұтылған жоқ, төрешілерден жеңілді. Менің ойым сондай. Бұл бізге мотивация береді. Бәрі де Алланың қалауы», - дейді спортшы.

Айта кетейік, 80 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз ширек финалда әзірбайжандық Мурад Аллахбердиевтен басым түсті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам