Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде медальсіз қалды

Ол ерекше әдіс жасау арқылы есімін тарихта қалдырды

olympic.kz
olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Шэньчжэнь қаласында өткен Гран-придің үшінші кезеңінде небәрі бесінші орынға тұрақтап, жарысты жүлдесіз аяқтады.

Екі бағдарламаның нәтижесінде қазақстандық спортшы 263,49 ұпай жинаған болатын. Турнирдің жеңімпазы атанған жапон Као Миураға төрешілер 293,25 ұпай жазды. Екінші орынды ресейлік Владислав Дикиджи иеленсе (282,44), үздік үштікті оның отандасы Евгений Семененко (281,62) қорытындылады.

Жеңіліп қалғанына қарамастан Шайдоров әлемдік мәнерлеп сырғанау спортының тарихына енді. Ол бағдарламаның екінші бөлігінде қатарынан екі рет төрттік секіріс әдісін жасады. Әдіс аса күрделі болғандықтан, толықтай дұрыс орындалған жоқ. Дегенмен, мұндай әдісті бұрын-соңды ISU турнирінде ешкім орындамаған.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров 2026 жылы Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында чемпион атанғаннан кейін үш турнирдің тек біреуінде жүлдеге іліне алды. Атап айтқанда, қыркүйек соңында Словакияда өткен турнирде үшінші орын алса, Франция мен Қытайда өткен Гран-приде жеңілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам