Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Париж Олимпиадасы біз үшін өте сәтсіз болды – Мырзағали Айтжанов (ВИДЕО)

03.08.2024, 01:16

Қазақстан құрамасынан жалғыз боксшы жартылай финалға шықты

Париж Олимпиадасы біз үшін өте сәтсіз болды – Мырзағали Айтжанов (ВИДЕО)
скрин: Хабар-тв

Сәкен Бибосынов өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовтан жеңілген соң Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов «Париж ойындары Қазақстан боксшылары үшін сәтті өткен жоқ» деген пікірін айтты.

Еске салайық, Айтжанов жаттықтыратын Қазақстан ерлер құрамасы Парижге жетеу болып келіп, алтауы жеңіліп қалды. Тек 80 келіде өнер көрсететін Нұрбек Оралбай ғана жартылай финалға шықты.

«Бұл Олимпиада бізге өте сәтсіз болды. Жігіттердің бәрі нашар жұдырықтасып, ұятқа қалдырды деп айта алмаймын. Сондықтан ешкімді кінәлай алмаймын. Жігіттер барын салды. Бұл – олимпиада, оңай қарсылас жоқ. Көп кездесу 3:2 болып аяқталып жатыр. Менмін деген әлем, Олимпиада чемпиондары келген. Әлемнің мықтылары келген, ешкімді ұрып құлатып ұта алмайсың. 

Бүгін де Сәкен бірінші және екінші раундтарда ұтып тұрды, үшінші раунд тең дәрежеде өтті. Бірақ жеңіс бұйырмады», - деді бас бапкер.

Тілшінің төрешілердің белден басуы туралы сұрағына Айтжанов: «Оны айта алмаймыз, бәрі көзге көрініп тұр ғой», - деп қысқа жауап берді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам