«Бекет Махмұтовтың кезінде мұндай болмаған»: боксшылардың сәтсіздігіне кім кінәлі?

Telegram WhatsApp

Қазір Қазақстан бокс федерациясын Шахмұрат Мүтәліп деген азамат басқарады

Париж Олимпиадасы Қазақстан бокс құрамасы үшін өте сәтсіз болды. Дәл осындай пікірді ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов айтып отыр.

Айта кетейік, Франция астанасына Қазақстанның ерлер құрамасы толық құрамда – жеті боксшымен барған болатын. Алайда, олардың тек біреуі ғана жартылай финалға өте алды. Ал, қыздар құрамасында барған үш боксшының екеуі жеңілді, тек Назым Қызайбай ғана ширек финалға жолдама алды.

«Бірінші бол» YouTube-каналының кезекті шығарылымы Париж Олимпиадасындағы боксшыларымызға арналған болатын. Эфир қонағы болған белгілі спорт журналисі Шалқар Естен сәтсіздіктерге тек боксшылар ғана кінәлі емес дегенді айтты. Оның пікірінше, қазақстандық спорт шенеуніктерінің беделіне де көп мәселе байланысты.

«Марқұм Бекет Махмұтов ағамыз Бокс федерациясын басқарған кезде қазақ боксшылары Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетті. Мәселен, Сиднейде Бекзат Саттарханов пен Түркиялық Рамазан Поляни жұдырықтасар алдында Түркия тарапы бір чемодан ақша алып келіп, жекпе-жектегі жеңісті сатып алмақ болған дейді. Бірақ, Бекет Махмутов принципке барып, сатып жібермеген, Нәтижесінде Бекзат медаль жеңіп алды»

дейді ол

Айта кетейік, Бекет Махмұтов Қазақстан бокс федерациясын 1998-2007 жылдар аралығында басқарды. Оның уақытында Қазақстан құрамасы екі Олимпиадаға қатысып, үш алтын медаль жеңіп алды.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 55 296 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 229 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 491 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 545 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 273 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 159 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 273 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 807 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 495 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 317 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 295 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 475