Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Париж-2024: Қай елдің боксшылары медаль саны бойынша көш бастап тұр

04.08.2024, 14:07

Көш басында бес медальмен Өзбекстан тұр

Париж-2024: Қай елдің боксшылары медаль саны бойынша көш бастап тұр
Olympic.uz

Париж олимпиадасында ерлер арасында бокстан жартылай финалға өткен спортшылар анықталды. Бұл дегеніміз жартылай финал жолдамасын иеленген құрамада кем дегенде қола медаль бар деген сөз.

Осы орайда қай елден қанша боксшы жүлдегер атанатынын тізіп көрейік.

Көш басында бес медальмен Өзбекстан тұр, алаң иелері Францияда үш медаль бар. Доминикан Республикасы, Испания және Кубада екі жүлдеден.

Боксшылары жартылай финалға өткен елдер:

Өзбекстан – 5

Франция – 3

Доминикан Республикасы – 2

Испания – 2

Куба– 2

Қазақстан – 1

Кабо-Верде – 1

Австралия – 1

Қырғызстан – 1

Болгария – 1

Канада – 1

Грузия – 1

АҚШ – 1

Ұлыбритания – 1

Мексика – 1

Украина – 1

Әзербайжан – 1

Тәжікстан – 1

Германия - 1

 

Ерлер боксындағы жартылай финалдық кездесулер:

51 кг:

Биллаль Беннама (Франция) - Юниор Алькантара Рейес (Доминикан Республикасы)

Даниэл Давид Варела де Пина (Кабо-Верде) - Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)

57 кг:

Абдумалик Халоков (Өзбекстан) - Чарли Сениор (Австралия)

Мұнарбек Сейітбекұлы (Қырғызстан) - Хавьер Ибаньес (Болгария)

63,5 кг:

Уайатт Сэнфорд (Канада) - Софьян Умиа (Франция)

Эрисланди Альварес (Куба) - Лаша Гурули (Грузия)

71 кг:

Омари Джонс (АҚШ) - Асадхужа Муйдинхужаев (Өзбекстан)

Луис Ричардсон (Ұлыбритания) - Марко Алонсо Верде Альварес (Мексика)

80 кг:

Кристиан Пиналес (Доминикан Республикасы) - Нұрбек Оралбай (Қазақстан)

Александр Хижняк (Украина) - Арлен Лопес (Куба)

92 кг:

Энмануэль Рейес (Испания) - Лорен Альфонсо Домингес (Әзербайжан)

Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан) - Давлат Болтаев (Тәжікстан)

+92 кг:

Нелви Тиафак (Германия) - Баходир Жалолов (Өзбекстан)

Джамили-Дини Абуду (Франция) - Айюб Гадфа (Испания)

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам