Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Хасанбой Сәкеннен мықты». Өзбек бапкері Бибосыновтың физикалық мүмкіндігіне баға берді

16.08.2024, 10:51

Бас бапкер қазақстандық боксшының тактикасын мұқият зерттеген

«Хасанбой Сәкеннен мықты». Өзбек бапкері Бибосыновтың физикалық мүмкіндігіне баға берді
Gazeta.uz

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Олимпиада ойындарында Сәкен Бибосыновпен кездескен Хасанбой Дусматовтың жеңіске жететініне ешқандай күмән болмағанын айтты. Алайда ол Sports.kz-ке берген пікірінде төрешілердің шешіміне алдын ала күмән болғанын да жасырмай жеткізді.

«Бірінші раундта басымдық Сәкеннің еншісінде қалды. Біз оны анық түсіндік. Себебі, оның бойы ұзын. Ол күші бар сәтте мүмкіндігін пайдаланып, раундты ұтуға қауқарлы еді. Осыны білгендіктен біз ары қарай жұмыс істедік. Ал Хасанбойдың күші одан көп. Бұл ретте Сәкен салмақ қуатын болғандықтан ол міндетті түрде шаршайды. Дусматов алғашқы раундта ұтылғанына қарамастан біз оған уайымдамау керегін айтып, барлығы жоспар бойынша жүріп жатқанын жеткіздік. Сәкен барлық күшін бірінші раундта сарқып тастады. Екінші раундта Хасанбой қарқынды күшейтіп, басымдыққа ие болды. Шешуші раундта біздің боксшы таза жеңіске жеткендіктен төрешілердің шешіміне еш күмәнім болмады», - деді Тулкин Киличев.

Париж Олимпиадасының ширек финалында 51 келіде сынға түскен қазақстандық Сәкен Бибосынов өзбек боксшысына есе жіберген еді. Төрешілер шешімі бойынша Хасанбой Дусматов бір ауыздан жеңіске жетті. Бұл екі боксшысының алғашқы рет кездесуі емес. Өткен жылы Азия ойындарының іріктеу кезеңінде отандасымыз өзбек боксшысынан айласын асыра алмаған болатын. Сондай-ақ, 2021 жылы әлем чемпионатында екі спортшының жолы түйісіп, Сәкен Бибосынов басым түсті.

Айта кетейік, Қазақстан бокстан Париж Олимпиадасына толық құрамда барып, жалғыз күміс жүлдені қанағат тұтты. Өзге алты боксшы іріктеу кезеңдерінде төреші шешімі бойынша есе жіберіп, жарысты аяқтады.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам