Жарыс мектеп оқушылары арасында болып жатыр
Сауд Арабиясының Әл-Айн қаласында өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның алты боксшысы жартылай финалға шықты.
Айта кетейік, жартылай финал жолдамасын Қазақстанның тоғыз боксшысы сарапқа салған болатын. Олардың үшеуі жеңіліп қалды. Тағы үш кездесу қазақ пен өзбек боксшылары арасында өтіп, барлығында отандастарымыздың мерейі үстем болды.
49 кг
Адият Маржықбаев (Қазақстан) - Агарзандан Батхияк (Моңғолия) 1:4
52 кг
Лакшай Будхвар (Үнді) - Нұрислам Оңғарбек (Қазақстан) 0:5
55 кг
Әбдімансұр Жақсылық (Қазақстан) - Матвий Шватко (Украина) 4:1
58 кг
Кирило Хорбунов (Украина) - Мейіржан Жүніс (Қазақстан) 3:2
61 кг
Әлимран Әлиев (Қазақстан) - Бектош Рахимжанов (Өзбекстан) 5:0
64 кг
Төрехан Қанатбай (Қазақстан) - Саиднаби Ботыров (Өзбекстан) 5:0
67 кг
Юнус Салихов (Украина) - Нұрасыл Оразали (Қазақстан) 4:1
70 кг
Мансұр Амантай (Қазақстан) - Тақи Әльқбаши (Ирак) 5:0
+70 кг
Фарходжон Бахадиров (Өзбекстан) - Жәдігер Мүсірәлі (Қазақстан) 1:4
Бүгін шаршы алаңға қыздар шығады. Жарыс Астана уақытымен 13:00-де басталады.